Қазақстанда тағы 438 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны белгілі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Өсім 5,1%-ды құрап отыр

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар қатары тағы артты. 25 мамырда республикада 438 адамның ағзасынан аталған вирус анықталған деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Осылайша тәуліктегі өсім 5,1% құрап отыр. Атап айтқанда:

  • Алматы қаласы – 75 (3,4%)
  • Шымкент қаласы – 69 (11,3%)
  • Қарағанды облысы – 67 (11,3%)
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 56 (3,4%)
  • Жамбыл облысы – 51 (17,5%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 38 (9,2%)
  • Атырау облысы – 32 (3,6%)
  • Түркістан облысы – 17 (5,4%)
  • Алматы облысы – 12 (4,2%)
  • Қызылорда облысы – 8 (2,4%)
  • Қостанай облысы – 5 (4,1%)
  • Маңғыстау облысы – 5 (3,0%)
  • Ақтөбе облысы – 2 (0,7%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%)

Ал, осы күні еліміздің ауруханаларынан 163 адам коронавирустан емделіп шықты. Осылайша, жалпы ауырғандар саны 8969-ды құраса, жазылғандар саны – 4515, қайтыс болғандар саны – 35.