27.01.2025, 08:20
Жаңалықтар
Аттың мойнына құрық салып, үстіне қарғып мінген ер адам жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)
Желі қолданушылары жылы лебіздерін білдірді
Фото: Видеодан скрин
Жылқыны үйрету үшін мойнына құрық салып, үстіне қарғып мінген ер адам жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy.
Видеодан үркіп, шауып бара жатқан аттың мойнына құрық іліп, артынша ер адамның үстіне секіріп мінгенін көруге болады.
Желі қолданушылары шабандоздың бұл әрекетіне сүйсініп, жылы лебіздерін білдірді.
«Қазақтың ержүрек батыр жігіттері. Ел басына күн туса, осындай азаматтар қолбасшы болады», «Жарайсың жігітім, мықты екенсің», «Міне, нағыз қазақтың мықты жігіттері», «Керемет, асау жылқыны үйрету оңай емес, жүректі жігіт», - деп жазды желі қолданушылары.
Көп оқылған
17.05.2026, 07:29
Синоптиктер 17 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады
17.05.2026, 08:31
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
17.05.2026, 06:38
Қазақстанда соңғы жылдардағы ең ерекше «Музей түні» өтеді
17.05.2026, 11:10
Алматы тауларында жағдайы күрт нашарлаған жасөспірім құтқарылды
17.05.2026, 10:33
Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды