Жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз
Қытайдың Ляонин провинциясының орталығында орналасқан Шэньян қаласында жарылыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
EurAsia Daily басылымының мәліметінше, оқиға салдарынан алдын ала мәлімет бойынша үш адам қаза тауып, тағы 30 адам жараланған.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, газ жарылған, ал бірқатар БАҚ теракт болғаны туралы жазды.
Қайғылы оқиға Шэньян Дадундағы азық-түлік орталығында болды.
Бір қызығы, 23 қаңтар күні Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин дәл осы сауда орталығына барып, жергілікті жаңа жылға дайындық жүріп жатқан сауда павильондарын аралап көрген.