Алаяқтар фейк хабарландырулар жасайтын болған
Ішкі істер министрлігі (ІІМ) қазақстандықтарды таргеттелген жарнама мен жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылатын алаяқтықтың жаңа түрлерінен сақтануға шақырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Таргеттелген жарнама – әлеуметтік желілер мен интернет-платформаларда ақпаратты жылдам әрі тиімді тарату құралы – алаяқтардың құралына айналды. Олар жалған инвестициялық қорлар, жалған заңгерлік қызметтер және басқа да алаяқтық схемалар үшін фейк хабарландырулар жасайды.
«Кибералаяқтар жарнама жасау үшін белгілі тұлғалардың, заңгерлік кеңселердің және адвокаттардың түпнұсқа бейнелерін негізге алып, оларды жасанды интеллект көмегімен бұрмалап, халықты алдайды. 2024 жылы 2,5 мыңнан астам азамат жалған қорларға қаржы салып, алаяқтардың құрбаны болды», — делінген ІІМ мәлімдемесінде.
Кейбір азаматтар жоғалтқан қаражатын қайтаруға тырысып, қайтадан алаяқтардың құрбанына айналады. Мысалы, Қарағанды облысының тұрғыны интернет арқылы сатып алған 40 мың теңге көлеміндегі тауар ақшасын қайтармақ болып, 11 миллион теңгесінен айырылған.
Алаяқтықтан сақтану үшін ІІМ келесі белгілерге назар аударуға кеңес береді:
Министрлік азаматтарды сақтыққа шақырып, тек сенімді дереккөздерге сенуге кеңес береді. Алаяқтардан сақтану үшін жеке мәліметтерді жарияламау және күмәнді ұсыныстарға назар аудармау маңызды.