БҚО-да карантин күшейтілді
Батыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың қаулысымен коронавирус инфекциясына байланысты өңірде карантин күшейтілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қарашығанақ кеніші қызметкерлерінің бірінен короновирус анықталды. Кен орны 5 маусымға дейін карантинге жабылды. Науқас инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Кеніш аумағында және вахталық ауылдар арасында сағат 19-дан таңертеңгі 7-ге дейін адамдардың жүруіне тыйым салынды. Ауысымды жұмысына сырттан келгендердің денсаулығын тексеріп, вирустан аман екені анықталғанда ғана кеніш аумағына кіруіне рұқсат береді», - деп жазылған хабарламада.
Оралда 25 мамырда жұмысын жалғастырған балабақшалар мен білім орталықтары қайта жабылды. Қалада білім беру мекемелерінің алты қызметкерінен вирус табылған. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны - 414 адам.