Юлия Галышева АҚШ-та өткен әлем кубогында қола медаль алды

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол бұл кезеңде француз спортшысы Перрин Лаффонға жол берді

Фото: ҰОК

Қазақстандық спортшы Юлия Галышева фристайл-могулдан Уотервиллде (АҚШ) өткен әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Галышева параллель могул санатында сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға дейін жетті. Алайда, бұл кезеңде француз спортшысы Перрин Лаффонға жол берді. Үшінші орын үшін болған бәсекеде Юлия канадалық Майя Швингхаммерді басып озып, қола медальға қол жеткізді», — делінген хабарламада.

Жарыс қорытындысы:

  • Алтын медаль: Перрин Лаффон (Франция)
  • Күміс медаль: Джейлин Кауф (АҚШ)
  • Қола медаль: Юлия Галышева (Қазақстан)

Сондай-ақ, жарысқа басқа да қазақстандық спортшылар қатысты. Анастасия Городко тоғызыншы орынға ие болса, Аяулым Әмренова 29-орынды қанағат тұтты.