Қазақстанда кен орындарын игеруге кімдер қатысады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Қазақстан мен Ресей энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

Фото: istockphoto.com

Энергетика вице-министрлері Сұңғат Есімханов пен Ерлан Ақкенженов Ресей Федерациясы энергетика министрінің орынбасары Роман Маршавинмен кездесті. Бұл туралы Azattyq Rýhy министрлікке сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, кездесу барысында тараптар отын-энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты, соның ішінде мұнай-газ кен орындарын игеру және электр энергетикасы жобаларына ресейлік компаниялардың қатысу мүмкіндіктерін талқылады.

«Мұнай, мұнай мен мұнай-химия өнімдерін жеткізу және оларды тасымалдау саласындағы серіктестікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар екі ел арасындағы энергетикалық әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екендерін білдірді», - делінген министрлік хабарламасында.