Балалар жаттықтырушысы жасөспірімге қырындаған: оның үстінен 33 қылмыстық іс қозғалды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Жаттықтырушы өз кінәсін мойындаған жоқ

Фото: istockphoto.com

Екатеринбургте қарамағындағы жасөспірімге қырындаған жүзу жаттықтырушысына қатысты 33 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Gazeta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Іс «жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша қозғалды. Олар жәбірленушінің айғақтарына негізделген.

Тергеушілердің мәліметінше, айыпталушы 2021-2023 жылдар аралығында басқа аймақтар мен көрші елдерге жарыстарға барған кезде мектеп оқушысының жыныстық қатынасқа деген қызығушылығын оятуға бағытталған арсыз әрекеттерге барған. Ол кезде қыз 12-14 жаста болатын.