Жетісу облысында 12 адам қар құрсауынан құтқарылды

Автор: Дәулет Ботагөз

Олардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ

Фото: depositphotos.com

Жетісу облысының Алакөл ауданында Үшарал – Достық тас жолында қар құрсауында қалған 12 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Қар құрсауында 6 жүк көлігі мен 2 жеңіл автокөлікқалып қойған. Құтқарушылар ауа райы жағдайына қарамастан, барлық азаматты арнайы көлікпен Достық станциясына жеткізді», — делінген хабарламада.

Құтқарылған адамдардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға ауа райының қолайсыздығы кезінде елді мекендерден шықпауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.