$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Күйеуі мен енесі ұрып-соққан жас келін ауруханада көз жұмды

23 жастағы әйел комада жатқан еді

Күйеуі мен енесі ұрып-соққан жас келін ауруханада көз жұмды
Фото: depositphotos.com

Өзбекстанның Аққорған ауданында күйеуі мен енесі ұрып-соққан 23 жастағы жас әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Nemolchi.Uz хабарлауынша, жәбірленуші ауыр соққыдан кейін комаға түскен. Кейіннен оның күйеуі процессуалдық тәртіпте қамауға алынған.

Ташкент облыстық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, әйел ауруханада медициналық көмекке қарамастан көз жұмды.

«Жәбірленушінің күйеуіне қатысты қозғалған қылмыстық іс Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 126-бабы 1-бөлігі 8-тармағының «г» пункті бойынша қайта сараланды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.

Бұл оқиға Өзбекстан қоғамында үлкен резонанс туғызды. Құқық қорғау органдарының тергеу нәтижелері алдағы уақытта жарияланады.

Серіктес жаңалықтары