«Пандемиядан кейін жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар көбейді»: судья тың деректермен бөлісті

Автор: Мақсат Әсел

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініштердің басым бөлігі қанағаттандырылған

Фото: istockphoto.com

Былтыр Павлодар облысының соттарына 1440 қылмыстық іс, 8395 материал келіп түскен. Судьялардың айтуынша адамдардың жеке басына қатысты деректер саны көбейгенін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі  Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жыныстық қол сұғылмаушылық және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты көптеген деректер жиі тіркелетін көрінеді.

«Менің байқауымша, ұрлық, алаяқтық, тонау, бопсалау сияқты қылмыстар көп. Әсіресе, пандемиядан кейін жеке адамға қатыстылары көбейіп кетті. Бұл әлеуметтік шиеленістерге байланысты болуы мүмкін. Дәл осы себепті тұрмыстық кикілжіңге қатысты қылмыстардың статистикасы көбейді», – дейді Инна Каркада.

Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаларға бірқатар өзгеріс енгізілді. Бірақ оған қарамастан, шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініштердің жартысынан көбі қанағаттандырылған. Келіп түскен 574 материалдың 341-і мақұлданды.

«Қазіргі уақытта шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініштердің жиірек мақұлдану үрдісі бар. Өйткені бірнеше жылдан бері жүрген заңнама бойынша жазаларды жұмсарту керек», – деп түсіндірді судья.

Сонымен қатар, жазалау тәжірибесі баламалы жаза түрлерімен ауыстырылуда. Соңғы бір жылда адамдардың жартысынан көбі сотталып, бас бостандығын шектеумен жазасы тағайындалса, қалғандарын қоғамдық жұмыстарғатартылып, айыппұл салынды. Өндірілген айыппұлдың жалпы сомасы 70 миллион теңгені құрады.

 

Тегтер: