Алматы әуежайындағы көлік тұрағының бағасы қымбаттамайтын болды

Автор: Асыл Арман

Әуежайға осы ісі үшін ескерту берілді

Фото: Instagram/almatyinternationalairport

Алматы әуежайындағы автотұрақ бағасы бұрынғысынша қалатын. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Агенттік әуежайға ескерту жасады.

«Бұл екертуге Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің 2024 жылғы желтоқсанда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрақ қызметтері бағасының жоспарлы түрде қымбаттауы туралы хабарламасы себеп болды», - деп атап өтті ведомство.

Осылайша, Алматы әуежайы бастапқы жоспарларынан бас тартты.

Айта кетейік, 2024 жылдың соңында Алматы әуежайында көлік тұрағы қымбаттайтыны хабарланған болатын. Бұл автотұрақты ұстауға кететін операциялық шығындардың өсуімен түсіндірілді.