1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Автор: Azattyq Rýhy

Шешім ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды

Фото: ШҚО өңірлік коммуникация қызметі

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

«1 маусымнан бастап қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, кәсіподақтар федерациясының қонақүйлері мен сауықтыру санаторийлері және өңірлердегі курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары қызметін қайта бастайды», - деп жазылған хабарламада.

Шешім премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды.