Қазақстанда 1,9 млн балаға әке-шешелері 4,6 млрд теңге алимент төлеуден қашқан
Бас прокуратура мәлімдеме жасады
Қазақстанда 3,5 млн азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды, оның ішінде – 123 мың қызметкер бар. Сол сияқты 1,9 млн-ға жуық жасөспірімнің, оның ішінде 23 мыңнан астам баланың пайдасына алимент бойынша 4,6 млрд теңге қарыз өндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, барлық анықталған бұзушылықтар мен түйткілді мәселелер бойынша Үкіметке 23 қадағалау актісі енгізілді. Оның ішінде экология, балалардың құқықтарын қорғау, ЖКО алдын алу, азаматтардың өтініштерін қарау сапасы бойынша және т.б. бар.
Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, олардың негізінде жол карталары, заңдарға және заңнан туындаған актілерге түзетулер әзірленді, сонымен қатар оларда баяндалған бұзушылықтарды жою, сондай-ақ азаматтардың, бизнестің құқықтарын және мемлекеттің мүдделерін қорғау үшін қажетті басқа да шаралар қабылданды.