24.01.2025, 10:55
Жаңалықтар
Атырау облысында екі құрылысшы бесінші қабаттан құлап, біреуі көз жұмды
Екінші құрылысшы ауруханаға жатқызылды
Фото: istockphoto.com
Атырау облысында екі құрылысшы жұмыс барысында бесінші қабаттан құлап кетіп, біреуі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаға қатысты Полиция департаменті жағдайды түсіндіріп, хабарлама таратты.
«20 қаңтар күні сағат 11:15-те қала аумағында орналасқан тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында екі жұмысшы 5 қабаттан құлаған. Оқиға салдарынан 43 жастағы ер адам ауыр жарақаттан оқиға орнында қаза тапты, ал 33 жастағы ер адам түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, қылмыстық іс бойынша кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
20.10.2026, 15:55
Бір қария ауыр хәлде: Солтүстік Қазақстан облысында екі ер адам қоқыстан тауып алған сұйықтықты ішіп, қаза тапты
20.10.2026, 09:59
Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевке көңіл айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды