Қызыл жалынның шығу себебі мен шығын көлемі анықталуда
Байқоңыр ауданы Ақсай көшесі бойындағы бөлек тұрған жиһаз цехының ғимаратында жинақталған қоқыс пен станоктар жанған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ күштері қысқа мерзімде 40 шаршы метр алаңда өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынның шығу себебі мен шығын көлемі анықталуда.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.