$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қытайдан Керекуге қоныс аударған қазақтар атаулы мерекелерді киіз үйде тойлайды

Қандастар игі дәстүрді ұзақ уақыттан бері ұстанып келеді

Қытайдан Керекуге қоныс аударған қазақтар атаулы мерекелерді киіз үйде тойлайды
Фото: Pavlodarnews.kz/Аңсар Тұрсын

Қытайдан Керекуге қоныс аударған қазақтар барлық мерекелерді киіз үйде, барлық сән-салтанатымен тойлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Гүлзира Құдыш киіз үйдің қыр-сырымен жақсы танысү Балалық шағын Қытай елінде өткізген ол бертінгі жылға дейін отбасымен жазда жайлауға көшіп, қазақы үй тігіп келген. Успен ауданына 2017 жылы қоныс аударған әулет әлі күнге дейін атаулы күндері жаз мезгілінде киіз үйде атап өткенді жөн көреді.

«Ол үшін ағаштан жиналатын киіз үйіміз де бар. Киіз үйдің күмбез тәріздес шаңырағынан бастап, қасиетті табалдырығына дейін әр алуан құрылымдық бөлшектері, үй жабдықтары түп-түгел қазақтың салт пен дәстүріне негізделіп жасалған», – дейді ол.

Оның айтуынша, киіз үйдің сырты қаскөй тылсым күштерден қорғаушы ретінде арнайы конус және шеңбер пішінді жасалған. Себебі, ескі заманда бұрыштарда жаман дүние жиналады деген сенім қалыптасқан.

Бес бала өсірген Гүлзира Құдыш өзі ес білген кезінен бастап, жазда жайлауға шыққанда киіз үйде тұрған. Үлкен үш баласы да балалық шақтарынан киіз үйде тұрудың қандай екенін жақсы біледі.

«Мысалы, киіз үйдің ауасы тәулік бойы табиғи түрде ауысып, ішкі ауа мен сыртқы ауа үзілмей жаңарып тұрады. Жарық сәуле шаңырақ пен есіктен кіріп, үйді жарқыратады. Үйдің тынысы кең болады. Бұл адамдардың мінезіне ерекше әсер етіп, көңіл күйін керемет ұстауда үлкен рөл атқарады. Денсаулығының мықты болуына мол септігін тигізеді», – дейді ол.

 

Серіктес жаңалықтары