Бұл мәселе қала әкімдігінде қаралды
Өскемен қаласы әкімдігінің кезекті отырысында шаһар басшысы Алмат Ақышов жауапты тұлғаларға оқушыларды тегін тасымалдау мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Buqara.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл автобустар мен трамвайларда жеңілдікпен жүру құқығы бар мектеп оқушыларына қатысты. Қала басшысы мұндай тәжірибе кейбір қалаларда бар екенін тілге тиек етті. Мәселен, былтырдан бері Шымкентте мектеп оқушылары автобуста тегін жүреді.