$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда заңсыз қойылған 500 дүңгіршек сүріледі

Қаланың барлық ауданында арнайы жұмыс комиссиясы құрылды

Алматыда заңсыз қойылған 500 дүңгіршек сүріледі
Фото: istockphoto.com

Бүгінде қалада мемлекеттік қордың жерінде орналасқан 500-ге жуық заңсыз дүңгіршек бар. Олардың иелері ерікті түрде бұзу керектігі жайлы ескертулер алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі aqshamnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұзу барысында инженерлік-коммуникациялық желілерден, электр қуатынан және сумен жабдықтау жүйелерінен ажырату көзделген. Полиция департаменті аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, сүру орнында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

«Мониторинг нәтижесінде қаланың 49 жерінде ретсіз сауданың жаппай шоғырланған орындары анықталды (ірі базарлар, саябақтар мен алаңдардың маңында), бұл жерлерде 1,2 мыңнан астам саудагер заңсыз орналасқан. Ретсіз саудаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы («Белгіленбеген орындарда сауда жасау») және 505-бабы («Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу») бойынша әкімшілік шаралар қолданылады. 2024 жылы полициямен бірлескен рейдтер барысында 1,9 мыңнан астам ретсіз сауда субъектісіне әкімшілік жауапкершілік жүктелді», – делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары