ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 570-тен астам бала дүниеге келді

Автор: Мақсат Әсел

Облыста 32 ерлі-зайыпты квота алу үшін кезекте тұр

Фото: istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысында «Аңсаған Сәби» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2021 жылдан бері экстракорпоральды ұрықтандыруға 1509 квота берілген. Нәтижесінде 570-тен астам бала дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі Buqara.kz-ке сілтеме жасап.  

Облыста 32 ерлі-зайыпты ЭКҰ квотасын алу үшін кезекте тұр.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көмекші репродуктивті технологиялар бойынша қызмет көрсететін медициналық ұйымды пациенттер өздері таңдайды. Осыдан кейін жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету комиссиясының қорытындысын алу үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша учаскелік дәрігерге хабарласу қажет», - дейді ШҚО бойынша отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық жөніндегі үйлестіруші Надира Слямханова.

Учаскелік дәрігер науқасты бедеулікке шалдыққан амбулаториялық науқастардың электронды реестріне енгізеді. 12 ай ішінде бедеуліктің себептерін анықтағаннан кейін маманның қорытындысы негізінде учаскелік дәрігер МӘМС есебінен ЭКҰ жүргізу мәселесін шешу үшін құжаттарды Комиссияға жібереді.

 

Тегтер: