Оқиға 12 қаңтарда болғаны анықталды
Қызылордада жантүршігерлік оқиға болды. Ер адам өзінің әйелін ұрып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Shyndyk.kz Telegram каналының мәліметінше, қайғылы оқиға 12 қаңтарда болған. Бұл ақпаратты Қызылорда қалалық ДП өкілдері растады.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды.
«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады департамент.
Тәртіп сақшылары барлық мән-жайды анықтауда. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.