Олардың ішінде 5162 жеңіл автомобиль және 862 жүк көлігі бар
Ақмола облысында аязды күні 6 мыңнан астам автокөліктің жолда қалғаны белгілі болды. Оларға полиция жол көрсетіп жүрді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД мәліметінше, өткен тәулікте полиция қызметкерлері 6 024 көлік құралына қауіпсіз ілесіп жүруді қамтамасыз етті. Олардың ішінде 5162 жеңіл автомобиль және 862 жүк көлігі бар.
«Бұдан бөлек, 23 қаңтарда таңертең Қарағанды мен Павлодар бағытындағы жолдардың ашық учаскелерінде 355 машинадан тұратын үш автокөлік колоннасын алып жүру ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта аймақтағы барлық автожолдар ашық.
Полиция жол қауіпсіздігіне кепілдік беріп, көлік ағынына қатысушыларға уақтылы көмек көрсете отырып, күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда», - делінген хабарламада.