2024 жылы алаяқтықтың өскені анықталды
Қазақстанда былтыр 132 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзу ісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратура мәліметінше, адам өлтіру көрсеткіші былтыр 4 пайызға, яғни 591-ден 566-ға дейін қысқарған.
«Денсаулыққа ауыр зиян келтіру (-10%, 1806-дан 1627-ге дейін), тонау (-24%, 2030-дан 1551-ге дейін), ұрлық (-28%, 42639-дан 30593-ке дейін), мал ұрлау (-31%, 1520-дан 151-ге дейін), кәмелетке толмағандардың қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар (-0,2%, 876-дан 874 дейін) және жасөспірімдер қылмысы (-2%, 1 925-тен 1 890-ға дейін) қысқарды», - делінген хабарламада.