Жақын арада 300-ден астам бала өнер мектебінде оқи алатын болады
Алматы облысының Қаскелең қаласында кәсіпкер жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асатын өнер мектебін заңсыз иемденбек болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратура мемлекет мүдделерін қорғауда маңызды рөл атқарып, сот ісіне араласып, өнер мектебін мемлекет балансына қайтарды.
Апелляциялық сот инстанциясы прокурордың аудандық соттың өнер мектебін заңсыз сату туралы шешімінің күшін жою туралы өтінішін қолдады, және мектеп мемлекет меншігіне қайтарылды.
«Қазіргі таңда ғимаратта жөндеу жұмыстары басталып, жақын арада 300-ден астам бала өнер мектебінде оқи алатын болады», - делінген хабарламада.