«Сен өмір сүруің керек»: Оралда сыммен өзін буындырып өлтірмек болған әйел құтқарылды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқиға кешкі уақытта болған

Фото: istockphoto.com

Оралда суицид жасамақ болған әйел адамды полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БҚО ПД мәліметінше кешкі уақытта 102 пультіне әйел адамнан хабарлама түскен. Ол суицид жасауға ниеттеніп отырғанын айтқан.

«Оқиға орнына Ермұхан Құбаш пен Бейбіт Айтмұханбетов құрамындағы патрульдік полиция дереу аттанды.

Айтылған мекенжайға келген полицейлер пәтердің есігі ішінен құлыптаулы екенін анықтады. Уақытты жоғалтпай, олар есікті ашу үшін бар күшін салды. Ішке кірген кезде, патрульдік қызметкерлер жуыну бөлмесінде тұрмыстық техниканың сымын пайдаланып, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған әйелді көреді.

Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді. Абырой болғанда, әйелдің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол медицина мамандарына тапсырылды», - делінген ПД хабарламасында.