Атырау облысында 8,5 млн шабақ құтқарылды

Автор: Мақсат Әсел

Бақсай су арнасындағы шабақтарды құтқару шарасы бірнеше күнге созылды

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Атырау облысының аумағындағы Бақсай су арнасында қырылуы мүмкін шабақтарды құтқару шарасы әлі алғасуда. Тек 21 қаңтардың өзінде таңға дейін 2 млн-нан астам шабақ басқа су айдынына жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалпы бірнеше күн ішінде барлығы 8,5 млн шабақ құтқарылған. Бұл іске 45 адам мен 8 техника жұмылдырылған. Салмағы шамамен 5-6 грамм болатын шабақтар Жайық өзеніне жіберілуде.

Бақсайдағы жағдайды Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бақылауына алған.