$ 527.58  546.15  5.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты тасжолдар жабылды

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы қолайсыз болып тұр

Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты тасжолдар жабылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, 21 қаңтар күні сағат 10.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның тағы бес облысында республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

21 қаңтарда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы қолайсыз болып тұр – бұрқасын соғып, қар жауып, жолдарда көру мүмкіндігі төмендеді. Осыған байланысты ірі магистральдарда көлік қозғалысын шектеу туралы шешім қабылданды. Жолдардың келесі учаскелері жабылды:

  • Қостанай облысы – Жезқазған – Петропавл автомобиль жолының Ұлытау облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі учаскесі;
  • Ақмола облысы – Жезқазған – Петропавл автомобиль жолының Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейінгі учаскесі;
  • Ұлытау облысы – Жезқазған – Петропавл тасжолының Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаскесі.

Мұнда жолдар 22 қаңтар күні таңғы сағат 8-де ашылады деп күтіліп отыр.

Бұл ретте Алматы облысындағы «Алматы-Өскемен» тасжолының терминалынан Жетіген ауылына дейінгі бөлігінде, сондай-ақ Әйтеке би кентінен Қызылордаға дейінгі учаскеде, яғни Қызылорда облысындағы Жезқазған-Петропавл тасжолында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді.

Бұл аймақтарда көлік қозғалысы 21 қаңтарда сағат 13:00-ге дейін ашылады деп жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары