21.01.2025, 10:13
Жаңалықтар
«Оңбағандар»: TikTok-қа видео түсіру үшін сәбиді теуіп құлатқан қыздар жұрттың ашуын туғызды (ВИДЕО)
Оқиғаның қай елде болғаны әзірге белгісіз
Фото: Видеодан скрин
Желіде TikTok-қа видео түсіру үшін кішкентай сәбиді теуіп құлатқан бойжеткен қыздар жұрттың ашуын туғызды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода кішкентай сәбидің аяғына енді тұрып, жаңадан қадам басып жүргенін көруге болады.
Бойжеткендердің бұл видеосы жұрттың ашуын туғызды. Оқиғаның қай елде болғаны әзірге белгісіз.
«Оңбағандар», «Осы жерде отырып қарғағаннан басқа қолымыздан ешнәрсе келмейді», «Мына хайуандарды тауып алып жазалау керек, оңбағандар», «Өлгенің артық. Баланың жазығы не?», «Қорқып кеттім. Шынымен сау емес», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін Қырғызстанның Ноокен жерінде ер адамның туған қызын шыбықпен сабап отырған видеосы тараған болатын.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды