Алматы облысында жолаушылар автобусы батып қалды (ВИДЕО)

Автор: Мақсат Әсел

50 адамды құтқарылды

Фото: Видеодан скрин

Алматы облысының Жамбыл ауданында Қарақастек ауылынан 5 шақырым жерде жолаушылар автобусы балшыққа батып қалды. Салонда 5, жолаушы болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі 112 телеграм арнасына сілтеме жасап.

Жолаушылар көлігі өз бетінше құрғақ жерге шыға алмаған. ТЖМ қызметкерлері 50 адамды құтқарды.

«Құтқарушылар дереу шақыру орнына барды. Жолаушылар мешітке уақытша орналастырылып, ЖАО-мен бірлесіп тамақтану ұйымдастырылды», - делінген ақпаратта.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жолаушыла автобусы жолдың тазартылған бөлігіне сүйреліп, өз бағытын жалғастырды.

Тегтер: