Құрылыс жүргізілетін елді мекендер тізімі бекітілді
Павлодар облысында 400-ге жуық елді мекенде жаңадан тұрғын үйлер салынады. Ол үшін ауылдардың тізімі дайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысының құрылыс басқармасы облыс аумағында тұрғын үй салуды жоспарлап отырған ауылдарының, кенттерінің және ауылдық округтерінің тізбесін бекіту жобасын дайындады. Ауылдық округтердің барлығы дерлік қамтылды.
Жоба облыстағы үш қаланы, он ауданды және тұрғындарға үй салуды жоспарлаған 119 ауылдық округтің 116-сын қамтиды. Сондай-ақ, аймақ бойынша барлығы 396 ауылда тұрғын үй салынады.
Павлодар облысының мәслихаты ауқымды құрылыс жүргізілетін елді мекендердің тізбесін бекітті.
Бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдау 6 ақпанда өтеді.