Жасы отыздан асқан ол бұған дейін мүлдем хат танымаған
Қарағанды облысындағы №29 түзету мекемесіндегі сотталушылар кешкі мектепте сабақ оқиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мен 15 жасымнан бастап төрт рет ұрллық жасағаным үшін сотталдым. Бастауыш сыныптарға барғаным есімде, алайда отбасындағы қиын жағдайға байланысты сабақты дұрыс оқымадым, тіпті жазу мен оқуды да дұрыс меңгерген емеспін. Үйден қашып кетіп, көше кездім, түрмеге түстім. 30 жасқа дейін өз өмірім үшін еш жауапкершілікті сезінген жоқпын. Соңғы уақытта өзім жайлы ойлана бастадым, сауатсыз болғым келмейді. Түрмеде оқуды қайта бастадым. Алғашында үйіме қарапайым хат жазуды білмегенім үшін ұялдым. Түрме қызметкерлері мен кешкі мектеп директоры мен мұғалімдерінің көмегімен биыл 11-сыныпты бітіремін», – дейді сотталушы.
Ол ұстаздарына алғысы ретінде сурет салып табыстады. Түзету мекемесінің бастығы Қуат Араоновтың айтуынша, сотталғандардың түрмеде алған білімдері бостандыққа шыққан кезде керек болады. Жұмыс табуға, қоғамға бейімделуге көмегі көп.