Облыс орталығында қазір 8 майдангер тұрып жатыр
Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев аппараттық кеңесте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне берілетін бір реттік жәрдемақының көлемін арттыруды тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Наш Костанай сайтына сілтеме жасап.
«Былтыр бір реттік жәрдемақының көлемі 1,5 млн теңге болды, 2025 жылы ол 2 млн теңгені құрайды. Бәрін дер кезінде реттеңіздер, ақшаларын уақытында алатын болсын», – деп әкім жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ақбөпе Манатоваға тапсырма берді.
Ол өз кезегінде бәрін уақытында істейтінін айтты.