Көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды
2025 жылғы 20 қаңтар сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1505-1610 шақырымы аралығындағы учаскеде қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нақтырақ Атамекен ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейінгі жолда көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды 21 қаңтар таңғы сағат 07:00-де ашу жоспарланған.