Атырауда пәтер тонап, 10 млн теңгеден аса пайда тапқан ер адам ұсталды

Автор: Асыл Арман

Ол алтын бұйымдарды ломбардтарға өткізіп отырған

Фото: Видеодан скрин

Атырауда пәтер ұрлауды табыс көзіне айналдырған адам тұрғындарға 10 млн теңгеден астам шығын келтірген. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Күдікті тұрғын үйлердің пластикалық терезесін күшпен ашып, жалпы сомасы 10,3 млн теңге тұратын әртүрлі алтын бұйымдарды ұрлаған.

Тексеру барысында 35 жастағы күдікті алтын бұйымдарды қала аумағында орналасқан әртүрлі ломбардтарға тапсырғаны анықталды. Жәбірленушілердің бірі ломбардтан тәркіленген заттардың ішінен өзіне тиесілі 7 бұйымды таныды.

Қазіргі таңда күдікті ұсталды, аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.