Олардың көпшілігі – микоплазмоздар
Шығыс Қазақстан облысында 2024 жылы жыныстық жолмен берілетін аурулардың саны өткен жылмен салыстырғанда азайған. Дегенмен, облыс тұрғындары арасында ең көп анықталған аурулар – гонорея, микоплазмоз және хладимиоз болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының Azattyq Rýhy агенттігінің сауалына берген жауабында айтылған.
Мәселен, 2023 жылы Шығыс Қазақстан облысында жыныстық жолмен берілетін аурулардың 1131 жағдайы тіркелген. Олардың көпшілігі – микоплазмоздар:
2024 жылдың 12 айында Шығыс Қазақстан облысында 731 жыныстық жолмен берілетін инфекция жағдайы анықталды.
Оның ішінде: мерез – 109, гонорея – 82, трихомониаз – 247, хламидиоз – 102, мочевина/микоплазмоз – 184, аногенитальды герпес – 2, аногенитальды (венериялық сүйел) – 5.