Жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты: Павлодар-Қызылорда тас жолында екі адам көз жұмды

Автор: Асыл Арман

Оқиға 20 қаңтар күні болды

Фото: Павлодар облысы ПД

Павлодар-Қызылорда тас жолында жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

20 қаңтар күні Павлодар мен Қызылорда қалаларының арасындағы тас жолда екі көлік соқтығысты. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

«Жол апаты салдарынан Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, тағы бір жолаушы дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.