Синоптиктер болжамы жарияланды
Қазақстанда дәл қазіргі сәттегі жылы ауа райы алдағы үш күнде күрт суытып, қатты жел мен аяз орнайды. «Қазгидромет» синоптиктері ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
21-22 қаңтарда Солтүстік-Батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі: солтүстік өңірлерде қар, шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста тоқтаусыз жаңбыр мен қар жауады.
Республика бойынша боран, көктайғақ, тұман орнап, желдің күшеюі 15-28 м/с болады. Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 30 м/с және одан да қатты жел күтіледі. Суық антициклонның келуімен республика бойынша ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде. Солтүстік облыстарда 25-35 градусқа дейін, оңтүстік өңірлерде 15-25 градусқа дейін аяз болады.