Ол бұрын сотталған азамат болып шықты
Павлодар қаласының тұрғынынан 22 млн теңгенің есірткісі тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД мәліметінше, өңір орталығында есірткі заттарын заңсыз таратумен айналысқан ер адам туралы ақпарат келіп түсті.
Полиция қызметкерлері осы хабарламаны пысықтау кезінде бұрын сотталған 29 жастағы павлодарлықты анықтады, жеке тексеру кезінде тыйым салынған заттардың орналасқан жері туралы ақпараты бар ұялы телефон, сондай-ақ мазмұны белгісіз 16 жиынтық тәркіленді. Автокөліктен 2 полиэтилен пакет табылды және тәркіленді.
Нәтижесінде анықталғандай, орамдарда синтетикалық препараттар, ал полиэтилен пакеттерде жалпы салмағы 1,5 кг-нан асатын синтетикалық каннабиноидтар болды.
Белгілі болғандай, 22 млн теңгеден астам синтетикалық есірткілер, ал полиэтилен пакеттерде салмағы 1,5 килограмнан асатын синтетикалық каннабиноидтар болған. Бұл 4000 дозаға тең.
«Ер адам кінәсін мойындады және табыс табу үшін есірткі тарататын интернет-дүкенде «қаптамашы» болып жұмыс істеуге шешім қабылдағанын, «жеңіл ақша» табуға үміттенгенін түсіндірді.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ол кураторлар қойған міндеттерді орындады, есірткі партиясын схрондардан алып, оларды жасырын қаптама тығу орындары арқылы кездесусіз таратты.
Есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау не өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сондай-ақ, аймақ аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы бар қылмысқа қатысушылар анықталуда», - деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.