$ 529.99  546.63  5.21
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Франциядан келген шетелдіктер Жетісу облысында есірткі зертханасын құрған (ВИДЕО)

Ұсталған топ мефедрон психотроптық затын өндіретін есірткі зертханасын басқарған

Франциядан келген шетелдіктер Жетісу облысында есірткі зертханасын құрған (ВИДЕО)
Скрин видео

Жетісу облысында есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен шетелдік азаматтар мен Қазақстан азаматынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ІІМ мәліметінше, қолға түскен топ мефедрон психотроптық затын өндіретін есірткі зертханасын басқарған. Белгілі болғандай, жазда шетелдік азамат Францияда жүрген кезінде туысына жұмысқа тұру туралы ұсыныс жасаған. Олар Қазақстанға келгеннен кейін жетекшілерінің бақылауымен есірткі зертханасын құрып, оның нұсқауы бойынша әрекет еткен.

«Қазақстан азаматы оларға қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп, есірткі жасырумен айналысқан. Ұстау кезінде олардан шамамен 6 кг мефедрон және арнайы құрал-жабдық тәркіленді. Күдіктілер қамауда. Қылмыстық схеманың басқа да қатысушыларын анықтап, жауапкершілікке тарту үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Серіктес жаңалықтары