Шпагамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында Қазақстан алтын медальға ие болды

Автор: Мақсат Әсел

Қыздар құрамасы төртінші орынды місе тұтты

Фото: Olympic.kz

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шпагамен семсерлесуден Бахрейннің Манама қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Командалық жарыста Қазақстан намысын Нұржан Әбжанов, Алексей Касаткин, Ғабиден Мұстафин және Кирилл Проходов қорғады.

Ширек финалда біздің семсерлесушілер Сауд Арабиясынан 45:36 есебімен басым түсті. Ал жартылай финалда қазақстандықтар Қытай құрамасын 45:25 есебімен ойсырата жеңді.

Шешуші кезеңде Қазақстан құрамасы Франциямен кездесті. Семсерлесу барысында ұлттық құрама есе жіберіп жатса да, керемет камбэк жасап, 44:43 есебімен жеңіске жетті.

Қыздар құрамасы төртінші орынға ие болды. Ұлттық құрама сапында Каролина Фомина, Кристина Красикова, Наталья Зинякова және Арина Яковлева өнер көрсетті.

Тегтер: