Қазір ерлі-зайыпты екінші сәбидің дүниеге келуін күтіп жүр
Әлеуметтік желіде эстрада әншілері Raim мен Ерке Есмахан жайында пікірлер тағы да қақ жарылды. Психолог Найля Кусаинова жұлдызды жұптың отбасылық бақытының сыры неде екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Raim мен Еркенің үйлену тойы қызу талқыға түскен еді. Қазір ерлі-зайыпты екінші сәбиінің дүниеге келуін күтіп жүр.
«Ерке Есмахан күйеуінен 12 жас үлкен болғанына қарамастан үнемі бойынан әйелге тән нәзіктік байқалады және сүйікті жар болып отыр. Енді талдайық. Концерттердің бірінде ол сахнаға үлкен қызыл худи киіп шықты. Біреулер оның киімі картоп салатын қапқа ұқсайтынын айтуы мүмкін. Алайда ол сахнаға шыққан сәттен, бәрінің назарын өзіне аудартады. Адамдар оған тамсана қарайды. Өйткені сұлулық киімде емес. Ерке өз-өзіне сенімді, әйелдік энергиясы мықты. Әнші өзіне, өзі ісіне және күйеуіне деген махаббаттан жарқырап жүр. Raim да оғам махаббатпен, ханшайымға қарағандай қарады», - дейді психолог.
Оқырмандардың бірі екеуі жарасымды жұп десе, екіншілері ерлі-зайыптылардың арасындағы жас айырмашылықтың көп болуы дұрыс емес екенін жазды.
«Мен мұндайға қарсы болатынмын. Өйткені әпкем өзінен 12 жас кіші жігітке тұрмысқа шықты. Ажырасып кетті. Қазір Ерке мен Раймды көріп, оң көзқарас қалыптаса бастады. Ерке бірінші күйеуінен ажырасып, баласымен тұрмысқа шықты. Дегенмен екеуінің үйлесімділікте өмір сүріп жатқаны байқалады. Бұл нағыз махаббат, бақытты болсын», - деп жазды әлеуметтік желі пайдаланушыларының бірі.
«Ол ақшадан жарқырап жүр. Бар болғаны сол. Егер Раймға сұраныс болмай, ақшасы таусылса, оның энергиясы бірден жоқ болады. Біз әйел болып жаратылдық, соның өзі энергия. Еркені асыра мақтаудың қажеті жоқ», - деп жазды тағы бірі.