Қызылордада ақбөкен атқан күдіктілер ұсталды

Автор: Мақсат Әсел

Тінту барысында тіркелмеген қару табылды

Фото: Қызылорда облыстық ПД

Қызылорда облысы Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында браконьерлерді ұстады. Төрт күдікті мінген «Тойота» автокөлігінің тіркемесінен 19 өлексе табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Көлікті тексеру барысында артқы орындықта тіркелмеген қару табылды. Прожектор, 2 рация, арқан тәркіленді. Сонымен қатар, жол талғамайтын көліктің тіркемесін тексеру барысында 19 ақбөкеннің өлексесі табылды», - делінген ведомство хабарламасында.

Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Күдіктілер үйқамаққа алынды.