Науқастың жағдайы жақсы
Батыс Қазақстан облысында бөгде зат жұтып қойған 1,5 жасар бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі Мой Город сайтына сілтеме жасап.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Чапаево кентінің маңындағы Атырау-Орал тас жолында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Шевроле Нива» автокөлігін тоқтатқан. Көлік жоғары жылдамдықпен Орал қаласына қарай қозғалып бара жатқан. Салонда кездейсоқ бөгде затты жұтып қойған 1,5 жастағы бала бар екені анықталды. Ата-анасы оны Орал қаласының балалар ауруханасына жеткізуге асыққан, өйткені кенттегі дәрігерлер оның не жұтқанын нақты анықтай алмаған.
«Баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрғанын түсінген полицейлер көлікті ауруханаға жедел алып барып, барынша қауіпсіз және жылдам қозғалысты қамтамасыз етті»,-деді БҚО ПД баспасөз қызметі.
Дәрігерлердің айтуынша баланың жағдайы жақсы.