Бюджет қаржысын игере алмағандар: Маңғыстау көш бастап тұр

Автор: Мақсат Әсел

Өңірде қазынаның 16,9 млрд теңгесі дер кезінде жұмсалмаған

Фото: istockphoto.com

Даму бағдарламалары мен аймақтық жобаларды жүзеге асыруға жыл сайын республикалық бюджеттен трансферттер берілетіні белгілі. Мәселен, 2024 жылы ағымдағы бағдарламаларға 1,9 трлн теңге, даму бағдарламаларына 1,5 трлн теңге бөлінді,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бюджет қаржысын игере алмағандар тізімін Маңғыстау облысы бастап тұр: өңірге бөлінген ақшаның 85,1 пайызы ғана игерілген. Мына сомаларға қараңыз: игерілмеген трансферттер 17,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде үнемдеу 649 млн теңге, ал нақты игерілмеген қаржы – 16,9 млрд теңге. Бұл республика деңгейінде қарағанда үлкен сома, ал облыс үшін тіпті көп», – дейді сарапшылар. 

Бюджет қаржысын уақытында игермегендер үштігіне Атырау облысы – 94,2 пайыз (4,2 млрд теңге) және Ақмола облысы 97,2 пайыз (3,5 млрд теңге) кіріп отыр.

Жалпы алғанда еліміздің 20 өңірінің 9-нда игерілмеген трансферттер сомасы 1 млрд теңгеден асады. Республикалық бюджеттен берілген ақшаны толықтай жұмсап үлгергендер тізімін Астана бастап тұр.

Тегтер: