Ерлан Нұрпейісов төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды
Ол бұл қызметке 2023 жылғы қыркүйекте тағайындалған еді

Ерлан Нұрпейісов Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Нұрпейісов Ерлан Сәденұлы Төтенше жағдайлар вице-министрі лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.
Ерлан Нұрпейісов Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Алматы жоғары өрт-техникалық училищесін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.
2005–2007 жж.– Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ПСҚ басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2007–2012 жж.– Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінің бастығы болды. 2012–2018 жж.– Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2018–2020 жж.– Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментін басқарды. 2020–2023 жж.– Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарды.
Ерлан Нұрпейісов Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары болып 2023 жылғы қыркүйекте тағайындалған еді.