ШҚО-да қолайсыз ауа райына байланысты 40 көлік жолда тұрып қалды

Автор: Дәулет Ботагөз

Полиция қызметкерлері тез арада шара қолдануға мәжбүр болды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райы салдарынан Өскемен – Самара тас жолында 40 көлік жолда тұрып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ-не сілтеме жасап.

«Оқиға орнында полиция қызметкерлері тез арада шара қолданып, 40 көлікті қауіпті аймақтан колонна ұйымдастырып шығарды. Осылайша жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді», — деп жазылған хабарламада.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге ауа райының өзгерістерін қадағалап, жолдың жағдайы туралы ақпаратты бақылап отыруға және абай болуға шақырды.