Семейде оқушы қызды қатарластары топтасып ұрып, видеоға түсірген

Автор: Мөлдір Қазыбай

Олардың ата-аналары жазаланды

Фото: istockphoto.com

Семейде «Комфорт» сауда орталығының жанында бір қызды соққыға жыққан бір топ оқушы қыздың кім екені анықталды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің мәліметінше, төбелеске қатысушылардың барлығының аты-жөні анықталған.

«Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерімен бірге орталық полиция бөліміне жеткізілді. Ересектердің қатысуымен жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деп түсіндірді департаментте.

Оқиға материалдары Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының қарауына жіберілді.

Кінәлі жасөспірімдердің ата-аналары балаларын тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.