Олардың салтанатты кештердің бірінде жүргенін байқауға болады
Әнші Қайрат Нұртас пен жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың тәтті сүйісінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода салтанатты кештердің бірінде жұлдызды жұптың торт кесіп тұрғанын байқауға болады.
Олардың әрекетіне жұрт түрлі пікір білдірді.
«Көзілдірігін шешіп қойса болмай ма?», «Алла бақытты, ұзақ ғұмыр сыйласын!», «Жұптары мәңгілік болсын», «Алла тіл көзден сақтасын! Жұптарың жазылмасын!» - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, былтыр жұлдызды отбасының ажырасу үстінде жүргені жайлы сыбыс тараған. Ал жуырда олардың жаңа жылды бірге қарсы алғаны туралы видео жарияланды.