Өнер адамы адамның бойындағы сезімін ерекше қозғап өтті
Танымал әнші, актриса Ақботанұр Сейітмағамбет Мединада жүрген фотосын жариялап, ішкі әлеміндегі сезімдері жайлы ой бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өнер адамы адамның бойындағы сезімін ерекше қозғап өтті.
«Жүрек – тылсым сырлары көп әрі сол сырларын жаратушымен ғана бөлісе алатын ерекше орын. Раббы мен пенденің арасындағы, жан дүниеңде айқын сезілетін қасиетті байланыс. Оны ешкім байқамайды, ешкім бұза да алмайды. Әрдайым үнсіз сырласу. Бұл нәзік байланыс ешқашан үзілмейді...
Жүректің түпкірінде сақталған шырақ іспетті, кейде бәсеңдеп, кейде лапылдап жанады, бірақ ешқашан сөнбейді.
Жүрек кейде қуанып елжірейді, ал кейде сыздап ауырады. Раббысына үнсіз жан толқыныстарын жолдай бастайды, сол үнсіздікте, ешбір адам естімейтін, Аллаға бағытталған шынайы үміттер бар.
Ешбір делдалды қажет етпейтін неткен байланыс. Алланы еске алу – күмәндерді сейілтіп, үміт нұрын себетін нағыз шипа. Ең шынайы, ең жылы, ең мейрімді байланысың үшін шексіз шүкір, Раббым!» - деп жазды Ақботанұр Сейітмағамбет.