Ол былтыр мас күйінде рульге отырып, қамауға алынған болатын
Ақмола облысындағы Зеренді ауданы әкімдігінің шенеунігі қамауға алынды. Ол бір жылда осымен екінші мәрте қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Зеренді ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгені үшін ұсталған. Осы әрекеті үшін жергілікті шенеунікті сот 10 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарған.
Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Белгілі болғандай, өткен жылдың ақпан айында ер адам мас күйінде рульге отырған. Дәл сол кезде ол жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды.